Рубио-Головкин жекпе-жегінде WBC белдігі сарапқа салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рубио-Головкин жекпе-жегінде WBC белдігі сарапқа салынбақ

Рубио-Головкин жекпе-жегінде WBC белдігі сарапқа салынбақ

Қазақстандық боксшы IBO/WBA чемпионы Геннадий Головкин қарсыласы Марко Антонио Рубионы жеңіп жатса,

  • 21 Тамыз 2014
  • 476
Фото - Caravan.kz

мексикалық WBC белдігіне ие болады және Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндетті болады. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сүлейман мәлім етті, деп хабарлайды notifight.com.

Уақытша белбеудің қазіргі иесі Рубио (59-6-1, 51KOs) жақында ғана Серхио Мартинесті 10-шы раунда техникалық нокаутпен жеңген толыққанды чемпион Мигель Коттомен (39-4, 32Kos) кездесуге міндетті үміткер болатын.

«Біз Рубио-Головкин жекпе-жегі біріктіруші кездесу болады деп шештік, кеңестің ұйғарымы бойынша WBC уақытша белбеуі сарапқа салынады», — деді Сүлейман — Жекпе-жек жеңімпазы Коттоға қарсы тұрады. Бұл кездесу ұлы жекпе-жек болмақ және ол біздің кеңес үшін өте маңызды, бұл нұсқада әрдайым аңыз боксшылар чемпион атанған».