Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина егер Л.Цуренконы ұтса, екінші айналымда словакиялық Доминика Цибулкова немесе американдық Катрнн Беллистің біреуімен кездеседі. Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведованың бірінші қарсыласы — румыниялық Моника Никулеску.
Еске сала кетейік, биыл үздік елу теннисшінің қатарына енген З.Дияс қазір 46-орында тұр. Өзінің рейтингтегі орнын жақсарту үшін жылдың басты жарыстарының бірі — АҚШ біріншілігінде оған барынша сәтті өнер көрсету керек.