Теннис: З.Дияс US Open-нің үшінші айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: З.Дияс US Open-нің үшінші айналымына шықты

Теннис: З.Дияс US Open-нің үшінші айналымына шықты

Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс америкалық Катрин Беллиспен күш сынасты.

  • 29 Тамыз 2014
  • 438
Фото - Caravan.kz

Кездесуді Eurosport 2 арнасы тікелей эфирде көрсетті. Жиырма жасар Зарина әлемдік рейтингте 48-інші орында. Оның қарсыласы К.Беллис небәрі 15 жаста ғана екен. Соған қарамастан, бірінші айналымда осы турнирдің 12-інші ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкованы ұтқан американ қызы шынында да болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Оның үстіне көрермендер К.Беллистің жағында болды. Бірінші партия 6:3 есебімен Заринаның пайдасына шешілсе, екінші сетті жанкүйерлердің демеуімен қанаттанған Катрин 6:0 есебімен ұтты. Алайда шешуші, үшінші партияда қайратына мінген Зарина 6:2 есебімен жеңіп кетті.

З.Дияс үшінші айналымда әлемнің 17-інші ракеткасы ресейлік Екатерина Макаровамен кортқа шығады.