Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспаөз қызметінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетелік, жасыл алаңға «Қайрат» командасының сапында Құралбек Ордабаев,
Евстафий Пехлеваниди,
Евгений Яровенко,
Сергей Стукашов,
Виктор Катков,
Ваит Талгаев,
Михаил Гурман,
Жүсіп Шадиев,
Юрий Коньков,
Борис Жұманов, Вахид Масудов, Сергей Климов, Сергей Волгин, Дмитрий Огай, Сергей Кулинич, Виталий Кафанов және басқа да құрметті ардагерлері шығады.
Ал әлем құрамасының сапында басқа да жұлдыздармен қатар, «Алтын доптың» төрт иегері: Фабио Каннаваро,
Луиш Фигу,
Андрей Шевченко және
Ривалдо,
сондай-ақ «Манчестер Юнайтед» футбол клубының атақты ойыншысы Пол Скоулз өнер көрсететіндігін айта кеткен жөн.
«Жұлдыздар матчы» 26 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында кешкі сағат 20:00-де басталады.













