БОКС: Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанудан үмітті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанудан үмітті

БОКС: Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанудан үмітті

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақ дәрежесінде бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанудан үмітті, деп хабарлайды vesti.kz.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz


Әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберін анықтау үшін дауыс беруді Sports.ru ұйымдастырып отыр. Бұл тізімде сондай-ақ атақты боксшылар американдық кіші Флойд Мейвезер мен Бернард Хопкинс, филиппиндық Мэнни Пакьяо, мексикандық Хуан Мануэль Маркес, кубалық Гильермо Ригондо және т.б. бар.

Естеріңізге сала кетейік, WBA нұсқасы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі (72,5 кг) әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен болатын жекпе-жегі биыл 18 қазан күні Карсон қаласының (АҚШ, Калифорния штаты, Лос-Анджелес округы) StubHub Center аренасында өтеді. Аренаның сыйымдылығы — 30 510 адам.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера