Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Бірінші жартылай салмақта (69,85 кг) өнер көрсететін кәсіпқой қазақ боксшысы Қанат Ислам

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 562
Фото - Caravan.kz

   алдағы жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын Талғар қаласы маңындағы тау бөктерінде орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясында өткізуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қанат Исламның өзі мәлім етті.

«Академия керемет жерде орналасқан. Айнала тау, көлік аз. Құлақ тыныш. Жекпе-жектерге дайындалуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Сондықтан, оқу-жаттығу жиынын осы жерде өткізсем деген ойдамын. Оны осы академия басшыларымен кездесіп шешуіміз керек», — деді Қанат Ислам.

Сонымен қатар, Қанат «Астана» Президентітк кәсіпқой спорт клубымен де келісім-шарт жасасуы ықтимал. Ол бұл мәселенің алдағы бір-екі аптада шешіліп қалауы мүмкін екендігін жеткізді. Сондай-ақ Қанат Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенті Чинг-Куо Ву мырзаның оны жаңа AIBA Professional Boxing (APB) жобасына қатысуға шақырғанын мәлім етті.

«Ву мырза кел деп жатыр. Өткен жылы Әлем біріншілігіне келген кезде шақырған. Ол кісінің ілтипатына, құрметіне алғысым шексіз. Мен әуесқой бокста көп жүрдім. Шақырып жатқандарына рахмет. Мүмкіндік болса, Алла бұйыртса, алдағы күндері көре жатармыз. Дегенмен, менің қазіргі таңдауым — кәсіпқой бокс.Мен кәсіпқой боксқа ауысқан соңғы екі жылдан бері біраз жұмыстар атқарылды. Құдайға шүкір, халқым «басына көтеріп» жатыр. Рахмет! Қазір мен бір үлкен ортада жүріп жатырмын. Бұрын істемеген жұмыс. Енді біз де байқап көрелік. Мен қай бокста жүрсем де көк туды көтеріп, ел намысын қорғап жүргеніме қуаныштымын», — деді Қанат Ислам.

Қанаттың кезекті жекпе-жегі алдағы қазан айының 30-на жоспарланған. Енді бірнеше күннің ішінде қарсыласының да аты-жөні белгілі болады.

Естеріңізге сала кетелік, Қанат Ислам қазір WBA (Халықаралық кәсіпқой бокс қауымдастығы) рейтингінде жетінші орында тұр. Кәсіпқой рингте 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. АҚШ-тың Флорида штатының Пахоки қаласында промоутер әрі бапкер Нельсон Лопестің клубында жаттығады. Қанаттың айтуынша, алдағы бір жекпе-жектен кейін 2015 жылы чемпиондық атаққа таласуы мүмкін. Қазіргі таңда аталмыш нұсқа бойынша бірінші жартылай салмақта әлем чемпионы — америкалық боксшы Флойд Мейвезер екені белгілі.


Ал Бүкіл әлемдік бокс академиясының боксшыларға есігі ашық.   

Академия экологиялық таза аймақта орналасқан. Жалпы аумағы 5 гектарға жуық. Ғимараттардың жалпы ауданы 29 000 шаршы метрді құрайды. Академия екі корпустан тұрады. Оның бірі  — екі орынды және жартылай люкстік бөлмелері бар қонақ үй. Ол бір мезетте 176 адамды қабылдай алады. Екінші спорттық корпуста 210 және 150 орындық конференц-залдар, 45 және 65 адамға шақталған оқу сыныптары, екі жаттығу рингі, бір олимпиялық ринг, әйелдерге және ерлерге арналған сауналары бар 25 метрлік бассейн, халықаралық стандартқа сай футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, теннис корты, 40 орындық кафе, 150 орындық асхана және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

КТК арнасындағы "Жүрекжарды" бағдарламасына берген сұхбаты. Қанат Ислам (03.08.2013)

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера