53 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасындағы сайыста алтын жүлдені әлемдік рекордты жаңартқан (жалпы есеп — 233 кг) тайбэйлік Шу Чин Хсу алды. Ал қазақстандық Зульфия Чиншанло жұлқа көтеруден 132 келіні еңсеріп (жалпы есеп — 228 кг), әлемдік рекорд орнатты. Ол салмағы жеңілірек болғандықтан екінші жүлдеге ие болды. Қола жүлде қытайлық Ваньксьон Чжангқа бұйырды.
Ауыр атлетика. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея), Әйелдер арасында, 53 келіге дейін
1. Шу Чин Хсу (Тайбэй) — 233 — Әлем рекорды (101 + 132)
2. Зульфия Чиншанло (Қазақстан) — 228 (96 + 132 — Әлем рекорды)
3. Ваньксьон Чжанг (Қытай) — 228 (102 + 126).