Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін - Н. Әбіқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін - Н. Әбіқаев

Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін - Н. Әбіқаев

Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 585
Фото - Caravan.kz

Алматыда  осымен 10-шы рет өткізілген Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирінің жабылу рәсімінде ҚР Гольф федерациясының президенті Нұртай Әбіқаев осылай деп мәлім етті.

Өз сөзінде Нұртай Әбіқайұлы турнирдің жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті.

«Міне, мерейтойлы турнир де аяқталды. Естеріңізде болса, алғашқы рет өткізгенде Еуропалық Челлендж Тур бізге турнирді өткізуге өте ыңғайсыз кезеңді белгілеген болатын. Бірақ, соңғы жеті жыл бойында аталмыш ұйым турнирлер кестесінде бізді бірінші орынға қойып келеді. Сондықтан мен Еуропалық Челлендж Турдың басшылығына бізге көрсеткен сеніміне ризашылығымды білдіремін. Қазақстандық турнирдің әлеуеті артып келеді. Оған Еуропалық турдың рейтингінің алғашқы жүздігіндегі ойыншылар қатысуда. «Енді Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін. Өйткені гольф ойыны елімізде барған сайын дамып жатыр»,- деді Н. Әбіқаев.

Өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мұндай халықаралық турнирді өткізу кез келген елге сеніп тапсырыла бермейтіндігін жеткізді.

«Мұндай маңызды да жауапты спорттық шара әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы, қоғамында тұрақтылық орнаған елге тапсырылады. Міне, биылғы турнир де жоғары дәрежеде өтті. Оның финалдық раунды Қала күнімен сәйкес келді. Бұл қуантарлық жағдай. Ал елімізде гольфпен айналысушылар саны күннен-күнге арта түсуде
»,
— деді қала басшысы.

Айта кетелік, Халықаралық Kazakhstan Open гольф-турнирі Еуропалық Челлендж тур серияларының бірі. Ал жыл сайын әлемнің 18 қаласында 26 турнир өткізіледі. Осы турнир сериясында алғашқы отыздыққа енген гольфшілер Еуропалық турдың бір жылдық карточкасына ие болады. Челлендж турдың өзі Еуропалық турдың екінші дивизионы болып саналады.  Ал Еуропалық тур маңыздылығы жөнінен әлемде екінші орын алады. Бірінші орында  «PGA Tour» Америка гольфшілерінің кәсіпқой қауымдастығы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера