Қазақстандық мергендер Азия ойындарында стенд атудан алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында стенд атудан алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық мергендер Азия ойындарында стенд атудан алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан ХХІІ континентальдық жазғы Азия ойындарында стенді көздеп атудан «алтын» медаль жеңіп алды.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 521
Фото - Caravan.kz

Жарыс сайтындағы хабарламаға сүйенсек, қазақстандық қыздар Анастасия Давыдова, Оксана Середа мен Мария Дмитриенко стенд атудан болған командалық жарыста 203 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Күміс Қытай құрамасына бұйырса, қола жүлдені КХДР спортшылары еншіледі.

Жалпы, бұл қазақстандық спортшылардың үшінші алтыны. Қазақстан қоржынына дзюдо мен ауыр атлетика шеберлері 2 күміс медаль, семсерлесу, синхронды жүзу, дзюдо мен теннисшілеріміз 9 қола медаль салды.

Қыркүйектің 19-ында басталған Азиада ойындары қазанның 4-іне дейін жалғасады. Жарысқа Қазақстанның атынан қатысып жатқан 420 спортшы спорттың 39 түрінен бақ сынайды.

Медаль саны жағынан 66 медаль иеленген Қытай алда келеді. Екінші орынға 48 медалі бар Оңтүстік Корея құрамасы, үшінші орынға Жапония құрамасы орнықты. Жапон спортшыларының қанжығасында барлығы 45 медаль бар. Төртінші орын Моңғолия (12 медаль: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола), бесінші орын КХДР (11 медаль: 3 алтын, 3 күміс, 5 қола) құрамаларының еншісінде.


14 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы әзірге алтыншы орында (3 алтын, 2 күміс және 9 қола).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера