Теннис: З.Дияс А.Кербердің өзін састырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: З.Дияс А.Кербердің өзін састырды

Теннис: З.Дияс А.Кербердің өзін састырды

Қытайдың Ухань қаласында теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші айналымында қазақстандық Зарина Дияс бүгін неміс қызы Анжелика Кербермен кездесті.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 776
Фото - Caravan.kz

Зарина дүниежүзілік рейтингте 40-ыншы орында келе жатса, Анжелика осы турнирдің жетінші, әлемнің сегізінші ракеткасы болатын. Соған қарамастан, З.Дияс бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет 6:2 есебімен А.Кербердің пайдасына шешілді. Үшінші, шешуші партияда Зарина 4:2 есебімен алда тұрғанымен, осы басымдылықты сақтап тұра алмады. Сөйтіп 6:4 есебімен (жалпы есеп 2:1) неміс қызы ұтып кетті. Ол үшінші айналымда чехиялық Барбора Заглавова-Стрыцовамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, бүгін әлемнің бірінші ракеткасы, американдық Серена Уильямс франциялық Ализе Корнемен матчын жалғастыра алмай, жарыс жолынан шығып қалды.