ВОЛЕЙБОЛ: Қазақстан әйелдер құрамасы Тайландты жеңіп, топтық кезеңге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВОЛЕЙБОЛ: Қазақстан әйелдер құрамасы Тайландты жеңіп, топтық кезеңге шықты

ВОЛЕЙБОЛ: Қазақстан әйелдер құрамасы Тайландты жеңіп, топтық кезеңге шықты

Италияның Верона қаласында волейболдан әйелдер құрамасы арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында кеше Қазақстан ұлттық құрамасы Тайландпен алаңға шығып, екінші топтық кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салды.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұл ойында Александр Гутор баптайтын қазақстандық қыздар тайлықтарды бет қаратпай 3:0 есебімен ұтып, өз тобында төртінші орынды иеленді. Сөйтіп өз тарихында тұңғыш рет екінші топтық кезеңге өтіп, үздік он алты команданың қатарынан табылды. Бұған дейінгі қазақстандық қыздардың үздік көрсеткіші деп Бейжің олимпиадасындағы тоғызыншы орынды айтуға болады.

Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 1 қазаннан бастап Бразилия, Сербия, Түркия, Болгариямен сынға түсетін болады.


Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Орал волейболының түлегі Сара Анарқұлова да өнер көрсетуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера