ИНЧХОН-2014: Боксшы Айдар Әмірзақов жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН-2014: Боксшы Айдар Әмірзақов жеңіліп қалды

ИНЧХОН-2014: Боксшы Айдар Әмірзақов жеңіліп қалды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Айдар Әмірзақов өкінішке қарай, сайыс жолынан шығып қалды. Отандасымыз 1/8 финалда қырғызстандық Ермек Сәкеновке есе жіберіп алды, - деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясынан.  

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 525
Фото - Caravan.kz

Бұдан үш жыл бұрын Айдар Әмірзақов дәл осы Инчхон қаласында Азия чемпионы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейінгі таңғы сессияда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының ең тәжірибелі боксшысы Біржан Жақыпов 1/8 финалда пәкістандық Мухубиллахты 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген  болатын. Ертең 30 қыркүйекте Біржан малайзиялық Мұхаммад Мохдамен бақ сынасады. Ол өз кезегінде непалдық Бикрам Париярды жеңген.

Сонымен қатар, боксшы қыздарымыз Жайна Шекербаева (51 кг) мен Марина Вольнова (75 кг) да өз қарысалстарынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.


Бүгін түстен кейін ширек финалда Ілияс Сүлейменов (52 кг) оңтүстік кореялық Сангдон Чомен, Данияр Елеусінов (69 кг) моңғол Тувшинбат Буямбамен, ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг) қытайлық Аолинг Жангпен қолғап түйістіреді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера