ИНЧХОН 2014: Ринат Сағындықов Азиаданың күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИНЧХОН 2014: Ринат Сағындықов Азиаданың күміс жүлдегері атанды

ИНЧХОН 2014: Ринат Сағындықов Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Бейсенбі күні Қазақстанның жеңіл атлеттер құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII континентальдық Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

  • 3 Қазан 2014
  • 710
Фото - Caravan.kz

Жерлестеріміз Анастасия Тулапина, Светлана Иванчукова, Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова 43,90 секунд нәтиже көрсетті. Бірінші орынды қытайлықтар, үшінші орынды жапон жеңіл атлеттері еншіледі, деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

Оның алдында каратист Ринат Сағындықов ел қоржынына тағы бір «күміс» салған болатын.

Боксшы Қайрат Ерәлиев 56 келі салмақ дәрежесі бойынша қола жүлде иеленді. Ол Оңтүстік Кореялық қарсыласынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Қ.Ерәлиев күресті жартылай финалда тоқтатқан алғашқы қазақстандық боксшы болып отыр.

Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Біржан жақыпов, Әділбек Ниязымбетов, Ілияс Сүлейменов, Жәнібек Әлімханұлы мен Антон Пинчук сынды жеті боксшымыз финалда алтын медаль үшін күреспек.

Регбиден әйелдер құрамасы үшінеші орын үшін күресте Гонконг командасын 12:0 есебімен ойсырата жеңіп, қола медаль иегері атанды.


Сонымен, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 20 алтын, 19 күміс, 32 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте медаль саны жағынан үздік бестікке енген еліміз 4-ші орынды нық ұстап тұр.

19-қыркүйекте басталған Азиада ойындары 4-қазанда аяқталады. Оған Қазақстанның атынан қатысып жатқан 420 спортшы спорттың 39 түрінен өнер көрсетуде.

Жалпы командалық есепте 322 медалі бар Қытай бірінші, 213 медаль еншілеген Оңтүстік Корея екінші, 184 медалі бар Жапония үшінші, 71 медаль жеңіп алған Қазақстан төртінші орында. Үздік бестікті тұйықтайтын Иранның қоржынында 45 медаль бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера