Инчхон-2014: Қазақстан спортшылары еншілеген медальдар саны 82-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инчхон-2014: Қазақстан спортшылары еншілеген медальдар саны 82-ге жетті

Инчхон-2014: Қазақстан спортшылары еншілеген медальдар саны 82-ге жетті

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандықтар спорттың 5 түрі бойынша бақ сынады, деп жазады Sports.kz.  

  • 3 Қазан 2014
  • 649
Фото - Caravan.kz

Таэквондошылар турнирінде (1/8) Елдос Ысқақ (54 кг дейін) пен Феруза Ергешова (73 кг дейін) жеңіліс тапты. Финалға шыққан Нұрсұлтан Мамаев (58 кг дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Каратэші Дархан Асаділов (60 кг) қола үшін бәсекеде қарсыласына жол берсе, Андрей Ақтауов (55 кг дейін) Азиада чемпионы атанды.

Әйелдер арасында  Сабина Захарова күміс, ал Гузалия Гафурова (55 кг дейін) алтын медальға қол жеткізді.

Ақтық сынға шыққан боксшылар жақсы нәтиже көрсетті. Біржан Жақыпов (46-49 кг) қана жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Ілияс Сүлейменов (52 кг дейін), Данияр Елеусінов (69 кг дейін), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг дейін), Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін), Антон Пинчук (91 кг дейін), Иван Дычколар (91 кг астам) чемпион атанды.

Медальдық есеп бойынша:


1. Қытай — 335 (148, 106, 81)

2. Оңтүстік Корея — 227 (76, 71, 80)

3. Жапония — 194 (46, 72, 76)

4. Қазақстан — 82 (28, 22, 32).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера