Динара Сәдуақасова әлемдегі 100 мықты шахматшы тізімінде 53-орынға орнықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динара Сәдуақасова әлемдегі 100 мықты шахматшы тізімінде 53-орынға орнықты

Динара Сәдуақасова әлемдегі 100 мықты шахматшы тізімінде 53-орынға орнықты

Дурбан қаласында өтіп жатқан жастар чемпионатында қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова 18 жастағы ересектер категориясында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Шахмат федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 6 Қазан 2014
  • 600
Фото - Caravan.kz

Финалдық раунд алдында оқ бойы озық тұруы біздің спортшының қарсыластарынан, олардың шеберлік деңгейлерінің жоғары болғанына қарамастан, әлдеқайда басым екендігін көрсетті. Динараның қарсыластары — мықты деген 65 шахматшы қыз, 42 елдің чемпиондары. Ойын нәтижесінде спортшы 11 ұпайдың 10-ын жинады. Осылайша өзімен бірге турнир бойы бәсекелескен германиялық Osmanodja Feliz-дан бір жарым ұпайға алға озды. Үшінші орынды 8 ұпаймен қытайлық Xiao Yiyi алды.

Айта кетейік, әлемдік титул — елордалық шахматшы қыздың қоржынындағы үшінші ірі жүлде. Ол 14 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанған болатын. Айту керек, Динара Азия мен әлемнің үш дүркін вице-чемпионы.

2014 жыл — Динара үшін сәтті жыл болды. Халықаралық жарыстардағы, сондай-ақ, Норвегиядағы Олимпиаданың керемет нәтижелері мен Дурбандағы әлем чемпионатының алтын медалі Динараға әлемнің 100 мықты шахматшы қыздарының тізімінде 53-орынға жайғасуға мүмкіндік берді.