Сабина Алтынбекова Боратқа үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сабина Алтынбекова Боратқа үндеу жолдады

Сабина Алтынбекова Боратқа үндеу жолдады

Волейболдан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, өзінің әдемілігімен танымал болған Сабина Алтынбекова әйгілі сайқымазақ Боратқа үндеу жолдады.

  • 7 Қазан 2014
  • 579
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазады деп хабарлайды «Айқын» газеті.

«Сен біздің ел туралы жағымсыз, ойға қонбайтын әңгімелер айттың. Бірақ біздің Қазақстанымыз әдемі екенін ойыңа да алмадың. Біздің елді балағаттау сенің қолыңнан келмейді және бұл ойың ешқашан да жүзеге аспайды. Сенің уақытың өтті. Сен енді біздің елдің дамып, өрлегенін ғана көресің. Бұл сәтсіз қылығы үшін Боратқа қол соғып қоялық», — деген Сабина өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Бұл посттың жарияланғанына 15 минут өткен соң 2529 адам жазбаға лайк басқан.


Еске сала кетейік, волейболшы Сабина Алтынбекова Ақтөбе қаласында туып-өскен. Волейболдан Азия чемпионатында сұлулығымен көзге түскен  оған  әлемнің әр түкпірінен мыңдаған фанаттар жанкүйерлік етуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера