Геннадий Головкин жанкүйерлеріне қандай сый дайындап отырғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин жанкүйерлеріне қандай сый дайындап отырғанын айтты

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне қандай сый дайындап отырғанын айтты

18 қазанда АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин

  • 9 Қазан 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz


мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездеседі, деп жазады sports.kz.  

Головкин бірнеше жылдан бері Абель Санчестің жетекшілігімен жаттығып келеді және Калифорния штатында бірінші рет жұдырықтасқалы тұр.

«Мен басқа боксшылардың StubHub Center-да өткен кездесулерінде көп болдым. Және әр кездесу сайын жанкүйерлердің маған деген қолдаулары арта түсті. Лос-Анджелесте де солай. Сондықтан да Марко Антонио Рубиомен өтетін кездесу бұл — Оңтүстік Калифорниядағы менің барлық жанкүйерлеріме деген сыйым. Мен 18 қазанда StubHub Center-де жұдырықтасатыныма өте қуаныштымын. Оны келіп көретіндер мен теледидардан тамашалайтындарға үлкен шоу болады деп уәде беремін»,  — деген Головкиннің сөзін BoxingScene.com. келтіреді.