Томас Бах: Алматының 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндігі мол - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Томас Бах: Алматының 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндігі мол

Томас Бах: Алматының 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндігі мол

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың пікірінше, Алматыны 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу мүмкіндігі мол.

  • 13 Қазан 2014
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Алматының өтініші күшті, бәсекеге қабілетті. Екі ірі қысқы спорт шарасы өткізілген инфрақұрылымдарды пайдалануға негізделген тұжырымдаманың баламасы жоқ деп ойлаймын. Меніңше, осындай инфрақұрылымдар мен спорттық дәстүрге бай қала ретінде Алматының Олимпиада өткізуге мүмкіндігі мол», — деді Т.Бах жексенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Т.Бахтың айтуынша, Олимпиада комитеті ойындарды өткізетін қалаларға шектен тыс қатаң талап қоймайды. «Біз ойындардың ұйымдастырушыларға үлкен салмақ салмауы үшін тырысып бағамыз. Қазір біз өзгерістерге негізделген бағдарламаны талқылап жатырмыз. (…) бұл келісімдер желтоқсан айында белгілі бір нәтиже береді деп ойлаймын», — деді ол.

ХОК басшысы қала әкімі Ахметжан Есімовпен бірге «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені, Олимпиадалық дайындық орталықтары мен Ұлттық олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде болды.


Т.Бах Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпаздарымен, «Қайрат» минис-футбол құрамасымен және өзге де спортшылармен кездесті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера