Г.Головкин шаршы алаңдағы тартымды ұрыс мәнерінің арқасында танымал болуда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Головкин шаршы алаңдағы тартымды ұрыс мәнерінің арқасында танымал болуда

Г.Головкин шаршы алаңдағы тартымды ұрыс мәнерінің арқасында танымал болуда

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кезекті  спорттық зор жеңісі жайында шетелдік және ресейлік беделді басылымдар мен телеарналар жарыса хабарлауда.

  • 19 Қазан 2014
  • 574
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өзінің шаршы алаңдағы тартымды ұрыс мәнерінің арқасында зор танымалдыққа ие болды. Оның тек үш қарсыласы ғана барлық раундқа шыдай алды, деп хабарлады ТАСС.

Г.Головкин нокаутпен жеңу сериясын 18 жекпе-жекке жеткізді. Оның қарсыластарын нокаутпен жеңуі әлем чемпиондары арасында рекордтық көрсеткіш болып отыр. Ол 90 пайызды құрайды. Қазақстандық боксшы 2010 жылдан бері чемпиондық белбеуге ие әрі кәсіби рингте жеңілістің ащы дәмін татқан емес.

Басылымның жазуынша, Г.Головкинің келесі қарсыласы 76,2 келі салмақ санатына дейін WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы американдық Андре Уорд болуы мүмкін.

Геннадий Головкин келесі кездесуін орта салмақта WBC чемпионы Мигель Анхель Коттомен өткізгісі келеді. Бұл жайында қазақстандық боксшы мексикалық Марко Антонио Рубиомен  жекпе-жегінен кейін мәлім етті.

«Қайырлы кеш, достар! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін», — деді Г.Головкин жек-жек аяқталғаннан кейін өз жанкүйлерлеріне қарата.

«Рубио кері шегінуді білмейтін боксшы. Алғашқы сәтте мен оны бар күшімді жұмсамай  жай ғана қағып жібердім. Дегенмен, бұл соққым оның нокаутқа түсуіне жеткілікті болды», — деді Қазақстан боксшысы.


«Қазіргі уақытта менде үш белбеу бар. Мен кез келген боксшыға қарсы шыға аламын. Даңқты боксшылармен жұдырықтасуға да дайынмын. Келесі кездесуімді Коттоға қарсы өткізгім келеді. Ол танымал боксшы, чемпион. Шаршы алаңда Альвараспен де, Чавеспен де кездескім келеді», — деді Г.Головкин.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесті. Екінші раундта қазақстандық боксшы мексикалык қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, Г.Головкин өзінің кәсіби рингтегі 31-ші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшының бұл жекпе-жегін әлемнің 120 елінің көрермені тамашалады. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера