ҚР Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев Г. Головкинді жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев Г. Головкинді жеңісімен құттықтады

ҚР Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев Г. Головкинді жеңісімен құттықтады

Бүгін АҚШ-та Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) және ІВО нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесіп, екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. 

  • 20 Қазан 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл Г.Головкиннің кәсіби рингтегі 31-ші жеңісі, оның 28-ін боксшы нокаутпен аяқтады. Осыған байланысты Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді құттықтады.

«Сіз бұл сайыста шебер қимылдадыңыз, қарсыластың күштілігіне қарамастан оны 2-ші раундта жеңіп шықтыңыз. Тамаша нәтиже! Қазақстандағы және шетелдегі сансыз жанкүйеріңізді тағы бір қуанттыңыз. Сізге келешекте де Қазақстан боксының даму жолындағы белестерді бағындыра беруге тілектеспін», делінген Қазақстан Бокс федерациясының басшысы Т.Құлыбаевтың құттықтауында.



Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера