Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: кім, қашан сынға түседі? - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: кім, қашан сынға түседі?

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: кім, қашан сынға түседі?

Алдағы сенбіде, яғни қарашаның 8 күні Алатау бөктерінде әлемнің ең мықты ауыр атлеттері бас қосатын әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. 

  • 4 Қараша 2014
  • 518
Фото - Caravan.kz

 Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) мәліметіне сүйенсек, Алматыда  75 мемлекеттен жалпы 683 ауыр атлет (279 әйел + 404 ер) бақ сынамақ.

Бүгінде Алматыға әлем біріншілігіне қатысатын мамандар мен спортшылардың алды келіп те үлгерді. Бәсекенің ашылу рәсімі қарашаның 8 күні сағат 17:30 өтеді.

Бүгін Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мұшелері, нақтырақ айтсақ, кімнің қай күні, қашан сынға түсетіні белгілі болды.