Алматыдағы Әлем чемпионатына Қызылорда облысынан Илья Ильин мен Рүстем Сыбай қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Әлем чемпионатына Қызылорда облысынан Илья Ильин мен Рүстем Сыбай қатысады

Алматыдағы Әлем чемпионатына Қызылорда облысынан Илья Ильин мен Рүстем Сыбай қатысады

8-16 қараша аралығында Алматы қаласында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қызылорда  облысынан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 3 дүркін әлем, 2 дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин қатысады.

  • 6 Қараша 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz


Бұған дейінгі жарыстарда 94 келіде  өнер көрсетіп жүрген  Илья салмақ ауыстырып, бірінші рет 105 келіде сынға түседі. Бұл әлем чемпионаты 2016 жылы Рио де Жанейро Олимпиадасының алғашқы жолдамалық жарысы болмақ. Қазақстаннан қатысатын спортшылар осы Әлем чемпионаты мен 2015 жылы АҚШ-та өтетін әлемдік сайыстың қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиясын сарапқа салады. Сондай-ақ, Ильямен бірге Рүстем Сыбай 94 келіде бағын сынайды.

Жарыс бағдарламасына сәйкес 14 қараша күні сағат 19.00-де ерлер арасында «А» тобында Рүстем Сыбай, 15 қараша күні сағат сағат 19.00-де ерлер арасында «А» тобында Илья Ильин бақ сынайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера