Илья Ильин Алматыдағы әлем чемпионатының үздік атлеті атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илья Ильин Алматыдағы әлем чемпионатының үздік атлеті атанды

Илья Ильин Алматыдағы әлем чемпионатының үздік атлеті атанды

 Қазақстандық ауыратлет, төрт дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Алматыда өткен әлем біріншілігінің қорытындысымен үздік атлет болып танылды.

  • 17 Қараша 2014
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Мен ең үздікпін!!! Маған жанкүйер болғандардың бәріне рахмет! Бұл біздің жеңісіміз!!!!», — деп жазды Илья өзінің Instagram-дағы парақшасындағы суретке түсіндірмесінде, суретте ол 2014 жылғы әлем біріншілігінің үздік атлет кубогын қолына ұстап тұр.  

Еске сала кетейік, сенбі күні Алматыдағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Илья Ильин төртінші дүркін әлем чемпионы атанды, ол өзінің жаңа салмағы — 105 келіде алтын медальді жеңіп алды.

Қоссайыста Илья ильин 432 келіні (190+242) көтерді. Екінші орында өзбекстандық Руслан Нурудинов — 432 келі (193+239), үшінші орында ресейлік Давид Беджанян — 427 келі (187+240).


Қазақстан құрамасы жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Біздің ауыратлеттер үш алтын және екі күміс медальға ие болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера