«Жасым 80-де. Алайда күнде қырынамын. Бұл имамдардың мектебі емес. Спортшылар жастарға үлгі болуы тиіс», — деді Джавджав.
«Генчлербирлиги» басшысы сақал қойған өз командасының ойыншыларына 25 мың түрік лирі (11 мың долларға жуық) көлемінде айыппұл салуды жоспарлап отырғандығын айтты. Сонымен қатар ол бұл тыйымды барлық түрік чемпионатының ойыншыларына қолдануға ниетті.
Түрік біріншілігінде көбінесе ислам дінін ұстанатын футболшылар ойынға шығатынын атап өтеміз. Исламшыл футболшылар бұл шешімге наразы, олар сақал қоюды парыз санайды.