Бұл туралы оқиғаға куә болған азаматтар хабарлады.
Олардың айтуынша, оқиға Райымбек пен Полежаев көшелерінің қиылысында орналасқан Сән және дизайн колледжінде болған.
Жарылыс таңғы сағат 09:00-да ғимараттың екінші қабатында бастапқы әскери дайындық сабағында орын алды.
Бейресми ақпараттарға сенсек, қазір 11 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 8-іне шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Бір қыз оқиға орнында қаза болды.
Әзірге қалалық ІІД аталған дерек туралы түсініктеме бермей отыр. Жедел әрекет ету қызметі оқиға орнын қоршауға алды.
