Таразда қылмыскер қарауылдың ұйықтап кеткенін пайдаланып қашқан - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда қылмыскер  қарауылдың ұйықтап кеткенін пайдаланып қашқан

Таразда қылмыскер қарауылдың ұйықтап кеткенін пайдаланып қашқан

Қылмыскер қарауылдың қалғып кетуін ұтымды қолданған. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы қашқын сотталушыға қатысты осындай мәлімдеме жасады. Өткен аптада сот залынан тергеу изоляторына беттеген көліктен сотталушы зым-зия жоғалған еді. Алаяқтық жасап, жеті жыл арқалаған азамат тек бір тәуліктен кейін қаладағы жалдамалы пәтердің бірінде қолға түсті.

  • 18 Қараша 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz

Өздері көзден таса қылып алған қаскөйді тәртіп сақшылары тәулік бойы табанынан таусылып іздеген. Шаһардан бір көлікті шығармай түгел тінтіді. Тек, қауіпті қылмыскердің бостандықта жүргенін жұртқа ескертудің орнына, қызыл жағалылар жағдайды барынша жасырған. Қашқын ұсталғаннан кейін ғана одан көз жазып қалғандарын мойындап отыр. Тіпті, бір күннен асырмай қолға түсіргендерін ерлікке теңейді. Ал жер сипап қалуларына қарауылдың көзі ілініп кетуі себеп болыпты. Қазір көлік жүргізушісі мен ұйқыбас полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Нұржан Қалметов, Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

-Бұл жерде былай болып отыр. Машинамен келе жатады. Көлік қызыл бағдаршамға тоқтайды. Қазір анықтап жатырмыз. Аналар ұйықтап қалған шығар. Осы кезде есікті ашып қашып кеткен.