Назарбаев жемқор шенеуніктерді қатал жазалауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев  жемқор шенеуніктерді қатал жазалауды талап етті

Назарбаев жемқор шенеуніктерді қатал жазалауды талап етті

Нұрсұлтан Назарбаев пара алып ұсталған министрлер мен облыс әкімдеріне ешқандай аяушылық жасалмайтынын мәлімдеді. Тіпті оларды шені мен шекпеніне қарамай қатал жазалауды талап етіп отыр.

  • 18 Қараша 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бүгін Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты Ақорда шақыртқан Елбасы жемқорлармен күресті тоқтатпауға пәрмен берді. Себебі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейтілді, әрі тұрмысы да жақсы. Сондықтан олар бюджет қаржысына қол сұқпай, адал қызмет етуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


— Ешкімге жеңілдік жасалмайды. Жемқорлыққа барған адамға не туысы, ағасы көмектесе алмайды. Сондықтан мен қайталап айтам.Адамды министр деңгейіне көтеру үшін он тіпті жиырма жыл уақыт кетеді.Оның өсуіне мемлекет ақшасы жұмсалады. Алайда олар сенімді ақтамай жатады. Сонда олардың мақсаты мемлекет ақшасына қол сұғу ма?