Алматыда Майя Манеза жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Майя Манеза жол апатына ұшырады

Алматыда Майя Манеза жол апатына ұшырады

Олимпиада чемпионы Майя Манеза Алматыда жол апатына ұшырады. Үлкен даңғылдардың бірінде жол талғамайтын көлігімен келе жатқан спортшы тізгінге ие бола алмай, арықтан бір-ақ шыққан. Абырой болғанда, өзі дін аман.

  • 18 Қараша 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz


Манезаның жол апатына ұшырағанын біліп, оқиға орнына келген күйеуі Вячеслав Ершов осылайша тілшілердің жұмысына кедергі келтіріп, аузына келгенін айтқан. Куәгерлердің айтуынша, қымбат машина Абылай хан даңғылымен төмен келе жатқанда алдынан белгісіз көлік шығып, кедергі жасапты. Олимпиада чемпионы соған соғысып қалмау үшін оңға бұрылып, арыққа қарай аударылып кеткен. Апаттың жай-жапсарын тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Ал зілтеміршілер жанұясын ешкім сабасына түсіре алмады. Олар тіпті түсіру тобы кеткен сәтке дейін қоқан-лоққы көрсетіп, арттарынан қалмай қойды.Оқиға орнына келіп ұрыс шығарған Манезаның күйеуі Вячеслав Ершов та танымал зілтемірші.