Facebook тегін ғаламтор желісін іске қосуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Facebook тегін ғаламтор желісін іске қосуға ниетті

Facebook тегін ғаламтор желісін іске қосуға ниетті

Avanti телекоммуникация компаниясының жерсеріктерін Африка территориясын ғаламтор желісіне тегін қосу үшін пайдалану мүмкіндіктерін Facebook талқылауда.

  • 18 Қараша 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz

Жоба жақын арада іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды SurfingBird.

Internet.org Африка тұрғындарына тек 11 желілік ресурстарды қолжетімді етпек. Facebook пен Avanti де бұл ұсыныспен келісе ме, әлде шексіз ғаламтор қызметін ұсынуды жөн көре ме, ол жағы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Avanti-дің Африка елінің үстінде екі жерсерігі бар, алдағы екі жылда тағы екі жерсерікті ұшыруды жоспарлап отыр. Демек, Avanti-мен келісімге келген жағдайда Facebook ұялы байланыс операторларының көмегінсіз-ақ Африка елінің басым бөлігін арзан бағалы ғаламтормен қамтамасыз ете алады.

Internet.org жобасының негізгі идеясы — «ғаламшардың ғаламтор желісіне қосылмаған халқын желімен қамтамасыз ету». Жоба аясында Samsung, Opera, Qualcomm сынды технологиялық компаниялар Азия және Африканың кедей елдерін бірқатар интернет-ресурстармен қамтамасыз етеді.