Қазақстанда автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру ынталандырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру ынталандырылады

Қазақстанда автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру ынталандырылады

2015 жылы  Энергетика министрлігі энергия үнемдеуге арналған бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отыр.

  • 18 Қараша 2014
  • 532
Фото - Caravan.kz

Ондағы мақсат —  автокөліктерді бензиннің орнына сұйытылған газға көшіру мен шағын двигательді көліктерге жұртшылықты ынталандыру.

Атап айтқанда, еліміздегі энергоүнемдеу әлеуеті бастапқы энергетикалық ресурстардың жалпы тұтыну мөлшерінің шамамен 27 пайыз деңгейінде бағаланады.

Осы орайда Энергетика министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе әзірлеп жатқан бағдарламасын жүзеге асыру еліміздегі автопарктерді жаңғыртуға ынталандырады. Мұнымен қоса бағдарлама сұйытылған газға көшу есебінен мұнай өнімін тұтыну мөлшерін азайтып, шағын двигательді автомобильдердің санын арттыруға септігін тигізеді, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартады.

Бұл бағыттағы шаралар Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу саясатында үлкен маңызға ие болмақ әрі экология мәселелерді шешуде қомақты үлес қоспақ.