Ақтөбеде көпбалалы отбасыға жеке кәсіпкер пәтер сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көпбалалы отбасыға жеке кәсіпкер пәтер сыйлады

Ақтөбеде көпбалалы отбасыға жеке кәсіпкер пәтер сыйлады

Ақтөбедегі 8 баласы бар отбасы баспаналы болды. Бірақ пәтер қала билігі емес, қалталы азаматтан бұйырды. Осыдан тура бір ай бұрын мал бағатын қожалықтың аядай бөлемесін паналап отырған отбасы туралы хабарлаған едік. Сол бейнесюжеттен соң ақтөбелік кәсіпкер отыз жасында сегіз құрсақ көтерген Айсәуле Сатыбалдиеваға екі бөлмелі пәтер сыйлады. Тұрмыстың қиындығына қарамастан тоғызыншы сәбиіне аяғы ауыр ана бүгін отбасымен жаңа баспанаға көшіп келді.

  • 19 Қараша 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz

Осыдан тура бір ай бұрын Ақтөбедегі ең жас батыр ана Айсәуле Сатыбалдиева баспана зардабын тартып жүргенін айтып, мұңың шаққан. Шиеттей бала-шаға мал шаруашылығындағы төбесі тесік, терезесі шағылған аядай бөлемеде жұмысшылармен бірге тұрып келді. Сол бір бөлмеде балалары ас ішіп, сабақтарына дайындалатын. Ұйықтайтын, жуынатын да осы жер болған.

Әліби Ордабай, А. Сатыбалдиеваның ұлы:

-Өзіміздің үлкен үйіміз болса. Шамалы ақшамыз болып, осы үйден кетіп, үлкен үйге барсақ деп ойлаймын.

Сол бала тілегі орындалды.Сегіз баланың үлкені Әлібидің қазір қуанышында шек жоқ. Жүктерін түсіріп әлек. Ал отыз жасында алтын алқа иегері атанған Айсәулетоғызыншы сәбиінің біреудің есігінде емес, өз шаңырақтарында дүниеге келетіндегіне шүкіршілік етеді.

Айсәуле Сатыбалдиева:

-Бұйырса жақында болады қоныс той. Жергілікті әкімшіліктен алмаған көмегімді әйтеуір жеке кәсіпкерден алып жатырмын оған да ризамын. Бірақ үй кезегінде әлі де тұрмыз.

Бұл отбасын жарылқаған кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов өзінің көпбалалы отбасынан шыққанын айтады. Сол себепті екі бөлмелі пәтерді балалар үшін басыбайлы беруді шешкен.


Мейіржан Өндіргенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Осы, КТК арқылы көрдім, басқа қайдан көремін. Мен балалар үшін. Мынандай заманда сегіз бала  телевизоры жоқ,  суы жоқ,  оты жоқ үйде тұрып жатқан біздің азаматтығымызға келмейді. Қолымыздан асқанан-тасқанан беріп жатқан жоқпыз.

-Бәйдешевтер отбасы енді жаңа жылды жылы пәтерлерінде қарсы алатын болады. Тек жаңа қоныстарын емес, шілдехананы да бірге тойлаймыз деп қуануда.