Семейде үлгілі студент жатақханада асылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  үлгілі студент жатақханада асылып өлді

Семейде үлгілі студент жатақханада асылып өлді

Семейде 3-ші курс студенті өз өзіне қол салды. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде техникалық мамандықты меңгеріп жүрген 20 жастағы Мәди Анарбек жатақханада асылып өлген.

  • 19 Қараша 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға орын алардан бұрын тәлімгер тісім ауырып тұр деп сабақтан сұранып кеткен көрінеді. Кешкісін бөлмеге оралған көршісі оның өлі денесін дәретханадан тауып, көмек шақырған. Дәрігерлер келгенімен, оның өмірін арашалай алмады. Қазірде бұл оқиғаға қатысты тергеу жүруде. Өзіне қол жұмсаған жігіт ешбір хат қалдырмаған. Ал университет әкімшілігі студенттің мұндай әрекетке не үшін барғанын білмей дал. Оқу орны қабырғасында мемлекеттік грант бойынша білім алып жүрген азаматтың үлгерімі де жақсы болған екен.


Бақыт Атантаева, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің проректоры:

-Студент  сабырлы болатын. Достары да көп еді. Сабақпен қатар спорттық  жетістіктері бар. Біреумен ерегесіп жүргенін мүлде көрмейтінбіз.