Оның келесі қарсыласы жартылай орта салмақтағы экс-чемпион Бернард Хопкинс пен IBF тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы чемпион Карл Фроч болмақ.
«Мен алдағы жылдың ақпан не наурыз айында рингге қайта оралам. Бернард Хопкинс не болмаса Карл Фрочпен кездесу өткізем, бірақ Геннадиймен де жұдырық түйістіруге қарсы емеспін. Алайда оның ақпан айында кездесуі жоспарланып қойған. Онымен кейінірек келер жылы кездесеміз деп үміттенем», — деді кіші Чавес.