БОКС: Мэнни Пакьяо Крис Алджиериге алғаш рет жеңіліс дәмін татқызды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Мэнни Пакьяо Крис Алджиериге алғаш рет жеңіліс дәмін татқызды

БОКС: Мэнни Пакьяо Крис Алджиериге алғаш рет жеңіліс дәмін татқызды

Бірер сәт бұрын Қытайдың Макао қаласында бокс кеші аяқталды.

  • 23 Қараша 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz

Ең басты жекпе-жекте жартылай орта салмақ дәрежесінде WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы 35 жастағы Мэнни Пакьяо  (57-5-2, 38 КО) 30 жастағы америкалық боксшы, екінші жеңіл салмақта (63,5 кг дейін) WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Крис Алджиеримен (20-1-0, 8 КО) кездескен болатын.

12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің ортақ шешімімен 119-103, 119-103 және 120-102 есебімен Мэнни Пакьяо айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Крис Алджиери спорттық карьерасында тұңғыш рет бір кездесуде қатарынан алты рет нокдаун алды және алғашқы рет жеңіліске ұшырады.