Алматыда аралас жекпе-жектен «Көшпелілер шайқасы-2» Халықаралық турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аралас жекпе-жектен «Көшпелілер шайқасы-2» Халықаралық турнирі өтеді

Алматыда аралас жекпе-жектен «Көшпелілер шайқасы-2» Халықаралық турнирі өтеді

 Алматыда алдағы 30 қараша күні Бүкіләлемдік Аралас жекпе-жек өнері қауымдастығына қарасты (WMMAA) Азия дивизионының қамқорлығымен «WMMAA PRO» нұсқасының ережесі бойынша тұңғыш рет «Көшпелілер шайқасы-2» Халықаралық турнирі өтеді. 

  • 28 Қараша 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, осы турнир аясында тұңғыш рет ММА бойынша, Қазақстан Кубогының финалдық сайыстары болады. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне аталған шараны ұйымдастырушы республикалық джиу-джитсу және аралас жекпе-жек түрлері федерациясы вице-президенті Асылбек Дүйсенов мәлімдеді.

«ММА» бойынша, Қазақстан Кубогының іріктеу сайыстары ертең Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізіледі. Финалдық сайыстарға 6 жұп шығады. Ал Халықаралық турнир аясында барлығы бес сайыс өткізіледі.

Онда қазақстандық сайыскерлер Бразилия, Оңтүстік Корея, Ресей және Тәжікстаннан келетін қарсыластарымен күш сынасады» — деді А. Дүйсенов.


Айта кетелік, турнир Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де басталады.

Ал сайыскерлердің өлшену және көзқарас «жекпе-жегі» ертең 29 қараша күні «MEGAPark» сауда ойын-сауық кешенінде өтеді.