Astana Continental Team велокомандасы допинг төңірегіндегі дау-дамайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana Continental Team велокомандасы допинг төңірегіндегі дау-дамайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты

Astana Continental Team велокомандасы допинг төңірегіндегі дау-дамайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты

Қазақстан Велоспорт федерациясы басшылары Astana Continental Team командасының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

  • 29 Қараша 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz


Бұған компания шабандоздарына қатысты туындап отырған допинг дауы түрткі болып отыр, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
«Astana Continental Team» командасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Команданың бас менеджері Дмитрий Седун қызметтен шеттетілді», — делінген хабарламада.
Сәрсенбі күні Халықаралық велоспорт федерациясы Astana Proteam командасының мүшесі Артур Федосеевтің 16-тамызда Францияда өткен «Тур де Л'Айн» көпкүндігі кезінде алынған допинг-сынамадан өте алмай қалғанын мәлімдеген болатын. Ағзасынан анаболистік стероидтер табылған 20 жастағы спортшы жарыстан шеттетілді.
Осымен үш айда команданың бес мүшесі допинг дауына кезігіп отыр. Бұған дейін Виктор Окишев, Илья Давиденок мен ағайынды Максим және Валентин Иглинскийлердің допинг пайдаланғаны белгілі болған-ды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера