Жасұлан Қыдырбаевқа «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасұлан Қыдырбаевқа «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Жасұлан Қыдырбаевқа «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

 Алматыда жуырда ғана аяқталған ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының 94 келі салмақта Әлем чемпионы атанған қазақстандық зілтемірші Жасұлан Қыдырбаевқа ауыр атлетикадан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Бұл туралы Жасұлан Қыдырбаев өзінің instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады sportnews.kz. 

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 824
Фото - Caravan.kz


Жасұлан Қыдырбаев Әлем чемпионатында жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдалана білді. Ол алғаш, 175 келіні бағындырса, екінші мүмкіндікте 179 келіні еңсерді. Үшінші мүмкіндігінде 182 келіні көтере алмады.

Ал, серпе көтеруде 215, 221 және 229 келіні бағындырды. Қос сайыс нәтижесі бойынша 408 (179-229) келіні көтеріп, Әлем чемпионы атанды.
Қыдырбаевқа