Александр Винокуров: "Жас спортшылар допинг препараттарды пайдаланудың қатерін түсінбейді" - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Александр Винокуров: "Жас спортшылар допинг препараттарды пайдаланудың қатерін түсінбейді"

Александр Винокуров: "Жас спортшылар допинг препараттарды пайдаланудың қатерін түсінбейді"

Қазақстандық кәсіпқой велошабандоз, 2012 жылғы олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың пікірінше, жас спортшылар допинг препараттарды пайдаланудың қатерін түсінбейді.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 545
Фото - Caravan.kz


«Өскелең ұрпақ біздің спортта да, басқада да допингтің зиянды екенін түсінгісі келмейтіні өкінішті», деп ол Astana Continental Team велокомандасы төңірегіндегі допингке қатысты дау-дамайға байланысты жағдайға түсінік бере отырып атап көрсетті.
Винокуров Astana Continental Team мен атақты Astana Proteam екі басқа командалар екенін еске салды.
Astana Continental Team жастар командасының Astana Proteam командасына еш қатысы жоқ екенін түсінген жөн. Тек атауы мен бірдей формасы дегенің болмаса. Қазіргі кезде Қазақстан велоспорт федерациясының басшылығы ішкі тексеру жүргізу кезінде Astana Continental Team қызметін уақытша тоқтатуды шешті, дейді ол.
«Велоспорт федерациясы көбірек тексеру жүргізіп, допинг пайдалану үшін қатаң жазалауы қажет», дейді А.Винокуров.
Astana Proteam туралы айта келе А.Винокуров команда ішіндегі допингке қарсы бақылау UCI (Union Cycliste Internationalе, халықаралық велосипедшілер одағы) және WADA (World Anti-Doping Agency дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) қатаң ережелеріне сай жүргізілетінін атап көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, қараша соңында UCI "Astana Proteam" командасының велошабандозы Артур Федосеев Францияда биыл тамыз айында "Тур де Л'Айн" веложарысында допинг-сынақтан өтпей қалған болатын.
Бұл қазақстандық велошабандоздардың үш ай ішінде допинг сынақтан өтпеуінің бесінші жағдайы. Бұған дейін велошабандоздар Виктор Окишев, Илья Давиденок және ағалы-інілі Максим мен Валентин Иглинскилер сынақтан өтпей қалған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера