ПАУЭРЛИФТИНГ: Әлем біріншілігінде қазақстандық атлеттер14 рет рекорд жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ПАУЭРЛИФТИНГ: Әлем біріншілігінде қазақстандық атлеттер14 рет рекорд жаңартты

ПАУЭРЛИФТИНГ: Әлем біріншілігінде қазақстандық атлеттер14 рет рекорд жаңартты

Бүгін Алматыда пауэрлифтингтен Қазақстанның ұлттық құрама командасы журналистермен кездесті. Таяуда ұлттық құрама АҚШ-та өткен Әлем чемпионатына қатысып, жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізген болатын.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы командамыз жалпыкомандалық есепте үшінші орынға іліккен еді. Биыл міне, қараша айында Маямиде өткен әлемдік додада бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға ие болдық» — деді Қазақстанның Пауэрлифтинг федерациясының президенті Максим Баспаев. 

Оның айтуынша, соңғы кезде спорттың бұл түрі бұқаралық сипатқа ие болуда. Сондықтан үздік атану оңайға соқпайды.

«Соңғы Әлем біріншілігіне кейбір елдерден 50-ден астам спортшы келді. Ал біздің команда сапында 16 атлет қана өнер көрсетті. Соған қарамастан жоғары нәтижеге қол жеткіздік» -деді М. Беспаев.

Марианна Гаспарян команданың белді атлеті. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде жалпы есепте 510 келі көтеріп, (зілтемірді иығына қойып, тізесін бүгіп көтеруден — 205 келі, ал шалқадан жатып, екі қолмен сығымдап көтеруден — 115 келі және белін тік ұстап, жерде жатқан зілтемірді тізесін бүгіп көтеруден — 190 келі) Әлемнің абсолютті чемпионы атанды.  


Жалпы осы Әлем біріншігінде қазақстандық атлеттер 14 әлем рекордын жаңартып, 20 алтын, 6 күміс, 6 қола медаль олжалады.