Геннадий Головкин: Мюррей екеумізді үлкен сын күтіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин: Мюррей екеумізді үлкен сын күтіп тұр

Геннадий Головкин: Мюррей екеумізді үлкен сын күтіп тұр

Орта салмақта WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (31(28)-0-0), 2015 жылдың 21 ақпанында Әлем чемпиондығына бұрынғы үміткер 32 жастағы британдық боксшы Мартин Мюрреймен 29(12)-1-1) қолғап түйістіреді. 

  • 6 Желтоқсан 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz

 Бокс кеші Монако Княздігінің Ларвотто ауданындағы атақты Salle des etoiles аренасында өтеді. Бұдан екі күн бұрын, 4 желтоқсан күні Лондон қаласында алдағы сайысқа қатысты баспасөз мәслихаты өткен болатын. Осыған байланысты Геннадий Головкин бүгін Британия астанасында SecondsOut порталына берген сұхбатында алдағы жекпе-жекке қатысты өз ойларымен бөлісті, -деп хабарлайды allboxing.ru сайты.

«Ол тамаша боксшы. Өте мықты жігіт. Бұл нағыз жекпе-жек болайын деп тұр. Бұл кәдімгі көше төбелесі секілді. Мюррей нокаутпен жеңіліп көрген емес. Демек, екеумізді үлкен сын күтіп тұр. Ал Монако ғажап мемлекет. Керемет арена. VIP-атмосфера. Сондықтан мен: Монакодағы менің жекпе-жегіме  қош келдіңіздер! — дегім келеді!» 

«Англияда жекпе-жек өткізуге дайынсың ба?», — деген сұраққа Геннадий былай деп жауап берді:

«Мартин Мюррей Британияның орта салмақ дәрежесіндегі үздік боксшысы. Екінші орта салмақтағы үздік боксшы  — Карл Фроч. Ал Англиядағы жекпе-жекке келетін болсақ, неге болмасын? Мен дайынмын. Англияда жекпе-жек өткізуге үмітім зор».

Дейтұрғанмен, Головкин бұл жолы да өзінің діттегені әзірге тек орта салмақ екендігін айтты. 


«Қазір менің көздегенім тек 160 фунттық (72,6 кг) салмақ дәрежесі. Орта салмақта кімнің нөмірі бірінші болатындығы мен үшін өте маңызды. Әрине, болашақта мен PPV-жекпе-жек өткізуге мүдделімін» — деді Головкин.

Айта кетелік,  Pay-Per-View — (PPV) — ұғымы тікелей аударғанда «көргенің үшін төле» — деген мағынаны білдіреді. Бұл спорттық және басқа да маңызды шараларды бүкіл әлем бойынша кабельдік және спутниктік телеарналар арқылы ақылы трансляциялау жүйесі. Онда жарнама болмайды және аталмыш шара толығымен көрсетіледі. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера