Геннадий Головкин: Болашақта Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуым мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин: Болашақта Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуым мүмкін

Геннадий Головкин: Болашақта Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуым мүмкін

 9 желтоқсан күні Мехико-Ситиде Геннадий Головкинге орта салмақтағы WBC-тің уақытша чемпионы белдігі табысталды, деп хабарлайды sports.kz.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

Салтанатты тапсыру рәсімі кезінде Головкин болашақта мексикандық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.

«Бұл мен үшін ең айтулы күн, өте бақыттымын. Әрине, менің негізгі назарым қазір 21 ақпанда Монте-Карло қаласында WBC Silver чемпионы Мартин Мюрреймен айқасқа дайындалуға ауып отыр.

Болашақта Сауль Альвареспен айқасуым, әрине, мүмкін. Бұл барлық жанкүйерлер үшін нағыз сыйлық болар еді», — деген Геннадий Головкиннің сөздерін келтіреді BoxingScene.