Роналдо ойыншы ретіндегі карьерасын жалғастыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналдо ойыншы ретіндегі карьерасын жалғастыруы мүмкін

Роналдо ойыншы ретіндегі карьерасын жалғастыруы мүмкін

Бразилия құрамындағы 2 дүркін әлем чемпионы 38 жастағы шабуылшы Роналдо АҚШ-та футболшы карьерасын жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы бразилиялық Estadao сайтынан хабарланды.

  • 14 Желтоқсан 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Роналдо өзі иелерінің бірі болып табылатын америкалық "Форт-Лодердейл Страйкерс" клубының құрамында шеберлігін көрсетеді деп күтілуде.

"Құраманы құрастыруда және клубтың дамуына септесетін шараларға белсенді қатысамын. АҚШ-та футбол жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын нық сеніммен айта аламын ", — деді бұрынғы форвард.

Роналдо — бразилиялық футболда аты аңызға айналған футболшы.  Екі дүркін әлем чемпионы,  ФИФА нұсқасы бойынша үш дүркін әлемнің үздік футболшысы атанған.