ФУТБОЛ: Меркель Қазақстан құрамасында ойын көрсетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Меркель Қазақстан құрамасында ойын көрсетпек

ФУТБОЛ: Меркель Қазақстан құрамасында ойын көрсетпек

 Александр Меркель келесі жылдан бастап Қазақстан футбол құрамасында ойнауы мүмкін, деп жазады sports.kz.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда ҚФФ ұлттық құрама қатарына 21 жастағы жартылай қорғаушыны алдыру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Александр Меркель Алматы облысында дүниеге келген. Кейін Ресейге көшіп кетіп, ол жақтан 6 жасында Германияға қоныс аударған.  

Ол Александр «Штутгарт» клубының жастар командасында өнер көрсетіп, мамандар көзіне түсіп, Италияға шақырту алады. Әйгілі «Милан» жейдесінде өнер көрсеткен Меркель кейін «Дженоа», «Удинезе» клубтарында ойнайды. Соңғы аталған командада қазір де өнер көрсетіп жүр.

А.Меркельдің өзі Ресей құрамасында ойнағысы келетінін мәлімдегеніне қарамастан ҚФФ өкілдері жас футболшымен кездесіп, оны футбол алаңында Қазақстанның намысын қорғауға көндірмек.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера