Геннадий Головкин Лос-Анджелесте жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин Лос-Анджелесте жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО)

Геннадий Головкин Лос-Анджелесте жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткiздi (ФОТО)

Орта салмақта WBA / IBO / WBC чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28KOs) Лос-Анджелесте Мартин Мюрреймен болатын жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткiздi. 

  • 8 Қаңтар 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы boxingnews.kz порталы "ВКонтакте"-дегi GGG парақшасына сiлтеме жасап хабарлады. 

Геннадий пресс-ланчқа әдеттегiдей көңiлдi, өте жайдары келдi.  GGG баспасөз мәслихаты өтетiн мейрамхана алдында жиналған жанкүйерлерiне қолтаңба таратып берген соң, оның командасы тiлшiлермен сұхбаттасуға беттедi. 

Шараға бапкер Абель Санчес, промоутер Том Леффлер және HBO Sports өкiлi Рэй Сталлоне қатысты. 

Том Леффлер "келесi 2015 жыл Головкин үшiн өрлеу жылы болатынына, атақты боксшылармен жұдырықтасатынына" сенiм бiлдiрдi. 

Еске сала кетейiк, Головкин 21 ақпан күнi Монакода соққысы ауыр Мартин Мюрреймен шаршы алаңға шығады. 


Головкин-Мюррей кездесуiнiң жеңiмпазы Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен жекпе-жекке шығуы тиіс. 

2 3 5 6 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера