Котто өзін Головкиннің бесінші раундқа жеткізбей нокаутқа түсіретінін біледі - Санчес - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Котто өзін Головкиннің бесінші раундқа жеткізбей нокаутқа түсіретінін біледі - Санчес

Котто өзін Головкиннің бесінші раундқа жеткізбей нокаутқа түсіретінін біледі - Санчес

 Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей  арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы әзірге анықталған жоқ. Ал бокс жанкүйерлері қазақстандықтың Мигель Коттоға қарсы ықтимал жекпе-жегін болжауда.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz

Желтоқсан айында Дүниежүзілік боксшылар кеңесі (WBC) Монте-Карлода 21 ақпанда өтетін Головкин-Мюррей кездесуінің  жеңімпазы Коттоға тиесілі орта салмақтағы  WBC титулына міндетті үміткер болатынын мәлімдеген болатын.

Қазақстандықты  британдықпен жекпе-жекте жеңіске үміткер санайтындар  оның пуэрторикандықпен кездесуіне де болжам жасауда. Котто, әрине, өз титулын қорғауға құқылы, ол мұны 2 мамырда Сауль Канело Альвареске қарсы жарыста көрсететін сыңайлы.

 «Егер Котто жеңіске жетіп, Головкинмен жекпе-жекте мәртебесін қорғауға шығатын болса, рингте өзгеше жағдай болады деп ойламаймын. Головкин оны бесінші раундқа жеткізбей-ақ нокаутқа жібереді, Котто оны біледі», — деп мәлімдеді Головкиннің бапкері Абеля Санчес Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихатында. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлады.