Astana Motorsports экипажы Аргентинада "Дакар-2015" ралли кезінде колумбиялық мотоциклшінің өмірін сақтап қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Astana Motorsports экипажы Аргентинада "Дакар-2015" ралли кезінде колумбиялық мотоциклшінің өмірін сақтап қалған

Astana Motorsports экипажы Аргентинада "Дакар-2015" ралли кезінде колумбиялық мотоциклшінің өмірін сақтап қалған

 Astana Motorsports командасының экипажы Аргентинада өтіп жатқан "Дакар-2015" ралли-марафонының бесінші кезеңінде колумбиялық мотоциклшінің өмірін сақтап қалды,

  • 9 Қаңтар 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады қазақстандық команданың баспасөз қызметінен.
"Бесінші кезеңнің маршруты чилиялық Копьяподан Антофагаста қаласына дейін болған, жалпы ұзындығы 700 шақырым. Артура Ардавичустің экипажы кеш шықты. Оның себебі кейін белгілі болды. Олардың көзінше тасқа тірелген мотоциклшы аударылыпты”, делінген жұмада таралған ақпаратта.
"Дакар"ережесіне орай, апат қасынан өтіп бара жатқан экипаж тоқтап, көмек көрсетуге тиіс, біз солай істедік те. 48 минутқа кешіккенмен, ұйымдастыруышлар бізге ол уақытты қайтарып берді. Қараңғыда жүруге тура келді, бірақ адам өмірі маңыздырақ”, деді Astana Motorsports лидері А.Ардавичус.