Алматыда футбол жаттықтырушыларының халықаралық конгресі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда футбол жаттықтырушыларының халықаралық конгресі өтеді

Алматыда футбол жаттықтырушыларының халықаралық конгресі өтеді

Алматыда 2015 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясының базасында халықаралық дәрежеде жаттықтырушылар конгресі өтеді.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

Конгресті ұйымдастырушылар — «Қайрат» (Алматы), «Спортинг» (Лиссабон) және «Краснодар» (Ресей) футбол клубтарының өкілдері шара барысында қатысушыларды өздерінің футбол академияларының жұмыстарымен жан-жақты таныстырады. Сонымен қатар тәжірибелік мақсатта көрнекті жаттығулар өткізіледі.

«Конгреске кез-келген футбол маманы қатыса алады. Өтінімдер алдағы 1 ақпанға дейін қабылданады», делінген хабарламада.