Осындай пікірін The Boxin Voice-қа берген сұхбатында «жыл жаттықтырушысы» атағының алты дүркін иесі Фредди Роуч білдірді, деп хабарланады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
«Головкин — өте мықты боксшы, оның жаттықтырушысы да жақсы. Мен көптеген боксшылардың Головкинмен айқасудан қашып жүр деп ойлаймын. Бұрын оны Америкада аса елемесе, қазір сол олқылықтың орны толтырылып жатыр. Бірнеше жекпе-жектен кейін ол әлемдегі үздік pound-for-pound боксшылардың бірі болады деп ойлаймын», — деді Фреди Роуч.
Бұған дейін хабарланғандай, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 21 ақпан күні Монакода британдық Мартин Мюррейге қарсы өткізеді.