Сиднейдегі теннистен халықаралық турнирде М.Кукушкин финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сиднейдегі теннистен халықаралық турнирде М.Кукушкин финалға шықты

Сиднейдегі теннистен халықаралық турнирде М.Кукушкин финалға шықты

Австралияның Сидней қаласында өтіп жатқан теннистен халықаралық турнирде қазақстандық Михаил Кукушкин финалға шықты.

  • 16 Қаңтар 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, М.Кукушкин жартылай финалда әлемнің 28-інші ракеткасы, аргентиналық Леонардо Майерді 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді қазақстандық теннисші финалда Люксембург елінің өкілі Жиль Мюллер немесе сербиялық Виктор Троицкидің бірімен чемпиондық атақ үшін таласады.

Айта кетейік, Сидней турнирінің жүлде қоры — 494,310 мың АҚШ доллары.