Серік Сәпиев жанкүйерлерді «Astana Arlans»-қа қолдау көрсетуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сәпиев жанкүйерлерді «Astana Arlans»-қа қолдау көрсетуге шақырды

Серік Сәпиев жанкүйерлерді «Astana Arlans»-қа қолдау көрсетуге шақырды

Қазақстандық боксшы, 2005 және 2007 жылдардағы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жанкүйерлерді жаңа маусымда «Astana Arlans» клубына қолдау көрсетуге шақырды, деп жазады Sports.kz

  • 16 Қаңтар 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

«17 қаңтарда «Astana Arlans» Алматыда Дүниежүзілік бокс топтамасының жаңа маусымындағы бірінші матчтық кездесуін өткізеді. Біздің командамыз Венесуэладан келетін қарсыластары — «Caciques de Venezuela» бокс клубымен кездеседі. Барлықтарыңызды командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз! Біздің спортшыларымыз жанкүйерлерінің үмітін ақтап, оларды жеңістерімен және тамаша бокспен қуанту үшін қолдан келетінін жасайды», — дейді С.Сәпиев. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Astana Arlans» бокс клубының Венесуэланың «Caciques de Venezuela» командасына қарсы матчтық ойынды осы сенбі, 17 қаңтар күні өткізеді.